Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп болжанады

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді деп болжанады

6 қыркүйекте Астанада және Қазақстанның бірқатар облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  abaidan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

6 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, 7 қыркүйекте Қостанай өңірінің шығысында, 7 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, 6-7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, 6 қыркүйекте Қарағанды өңірінің солтүстігінде, орталығында, 7 қыркүйекте көмірлі облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, 8 қыркүйекте тағы да осы өңірдің шығысында, 7-8 қыркүйекте Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, 7 қыркүйекте Абай облысының батысында топырақ беті қатып, 1-3 градус аяз болады деп күтіледі. 

Астанада 6 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. 7 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 1 градус аяз болады деп болжанады. 

6 қыркүйекте түстен кейін Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 6 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.


 


#Прогноз погоды