Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Абай облысында болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Абай облысында болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Абай облысына екі күндік жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Өңірдегі өндірістік ұжымдармен кездесу өткізген Ақмәди Сарбасов, жұмысшылардың өтініштері мен сұрақтарын тыңдап, жұмыс шеңберінде оларға жауап берді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрінің Семейдегі сапарының алғашқы кездесуі "Семей цемент зауыты" ӨК" ЖШС -де басталды. Мұнда , Ақмәди Сарбасов цемент зауытының жұмысшыларымен тілдесіп, өзекті мәселелерін талқылады.

Алғашқы мәселелердің бірі кадрлардың ауысуы және жетіспеушілігі. Жастардың басым көпшілігі шығармашылық, кеңсе тапсырмалары немесе сауда-саттықпен байланысты жұмыстарға көбірек ұмтылатындықтан, өндірісте жұмыс істеуге ниеттілер аз екен. Осы күрделі мәселе қазір еңбек министрлігінде пысықталып жатқанын Ақмәди Сарбасов атап өтті.


- Мемлекет бұл тұрғыда көмектесуге дайын, негізінен жұмыс істейтін көптеген құралдар бар, жеткілікті. Тек , мен өндірісте істейтін жұмысшы жастардың жетіспейтіндігімен келісемін. Өткен жылы Үкімет еңбек нарығының жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Біз жұмыс орындарының санына емес, олардың сапасына назар аударамыз. Сапа дегеніміз не? Бұл, ең алдымен, лайықты жалақы, еңбек қауіпсіздігі. Өйткені қазіргі ұрпақ өмір бойы бір жұмыс орнында отыруға дайын емес. Мұны да ескеру керек, - деп толықтырды Ақмәди Сарбасов.
 


Сондай-ақ, цемент зауытының қызметкерлері жұмыс ауысымынан біраз уақыт бас тартқандықтарында атап өтті. Себебі, кешке жұмыстан автобуспен қайту іс жүзінде мүмкін емес екен. Вице-министр бұл мәселені жергілікті билік өкілдерімен пысықтауға уәде берді.
Арықарай, Ақмәди Сарбасов "QAZAQ-ASTYQ GROUP" ЖШС-де болып, кәсіпорынның бас директоры Николай Ушаковпен бірге май экстракциялық зауыттың жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Зауыттың бас директоры алдағы уақытта май алмастырғыштарды өндіру желісін салу жоспарланып отырғандығын жеткізді.


– Зауытта жұмыс істейтін 440 қызметкердің 220-сы жақын маңдағы Восход және Водный кенттерінің тұрғындары. Біз қызметкерлерді оқытуға инвестиция салдық, сондай – ақ жаңа кезең азаматтық қорғаныспен де қатар айналысамыз. Жұмыс орынында аттестаттау жүргізіледі. Біздің жұмыс келісімшарт негізінде құрылған, қызметкерлерге барлық қажетті төлемақылар төленеді, - деді Николай Ушаков.
 


Кездесу барысында вице-министрАбай облысының кәсіпорындары еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнаманың талаптарын орындайтынын айтты.
 

- Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты-әлеуметтік еңбек саласындағы ағымдағы жағдаймен танысу. Ол үшін біз, міне өңірдегі кәсіпорындарға келіп, қызметкерлердің еңбек жағдайларымен, әлеуметтік қорғаумен таныстық. Мемлекет тарапынан биылдан бастап әлеуметтік қорғау шаралары іске асырылуда. Мысалы, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы әлеуметтік төлем. Облыс кәсіпорындарында заңнама талаптары сақталатынын көріп отырмыз. Басты міндет-қауіпсіз еңбек. Қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Жалпы, өңір белсенді дамып келеді. Біз қашанда жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен жергілікті атқарушы органдырдың жұмысына қолдау білдіреміз, - деп қорытындылады Ақмәди Сарбасов.


#Абайская область