«Еркін сөз» және «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы аясында Түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесе ұйымдастырған «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауы мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылған «Еркін сөз-2025» байқауының жеңімпаздары анықталды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпарат агенттігі.
«Әлеумет — қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары:
1-орын — Құндыз Қабылденова (сыйлыққа — ноутбук);
2-орын — Заңғар Санай (сыйлыққа — 300 000 теңгелік «Honor» 400 ұялы телефоны);
3-орын — Жадыра Мүслім (сыйлыққа — 300 000 теңгелік «Honor» 400 ұялы телефоны) лайықты деп танылды.

«Еркін сөз-2025» байқауы бойынша:
1. «Үздік мақала» аталымы, Гүлзара Тілекқабылқызы (Бас жүлде — 500 000 теңге)
2. »Сайттағы үздік мақала» аталымы, Дина Литпин (Бас жүлде — 500 000 теңге)
3. »Үздік ақпараттық телесюжет» аталымы, Нұркен Әкімханов (Бас жүлде — 500 000 теңге).

Сәкен Орынбасарұлы атындағы арнайы сыйлық — 100 000 теңге, Диана Биржановаға табысталды.

Медиафорумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
#журналистика, #Фонд тюркоязычных журналистов, #"Еркін сөз" байқауы, #Әлеумет - қоғам айнасы