«G-4 City» заманауи ақылды қалалар салынбақ

«G-4 City» заманауи ақылды қалалар салынбақ

G4 – Алматы–Өскемен республикалық тас жолы бойында, Алматы–Қапшағай телімінде орналасатын, құрылымдық жағынан біріктірілген төрт бірегей заманауи ақылды қалалар.

Жобаның негізгі міндеті – бизнестің қарқынды дамуына және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалған, Алматы мегаполисіне жаңа ақылды қалалар салу.

Жоба іске қосылған сәттен бастап сегіз жылдың ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) арқылы үлкен жұмыс атқарылды. Идеяның туындауынан бастап, алғашқы құрылыс салушының барлық коммуникациялармен қамтамасыз етілген алаңға шығуына дейінгі жол жүріліп өтті. 

Жобаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар бір уақытта, МЖӘ аясында салынған әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысандар да беріледі.

«G-4 City», Қонаев қаласын қоса алғанда, агломерация ауқымы 100 шақырымға дейін кеңейіп, 4 млн. халықты қамтитын болады.

Биылғы жылдың маңызды оқиғасы - «G-4 City» аумағында 30 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі арнайы экономикалық аймақтың құрылуы болды.

Жобаны толық іске асырған жағдайда 3,7 трлн. теңге инвестиция, 3,2 трлн. салық түсімдері және 34 мың жұмыс орнын ашу күтілуде.

 


#Алматы, #умный город