Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 105 просмотровabaidan.kz

Какие меры безопасности следует соблюдать при использовании газа?

Какие меры безопасности следует соблюдать при использовании газа?

Тұрмыстық газ адам үшін пайдалы ғана емес, сонымен бірге қауіп-қатердің көзі. Күнделікті өмірде табиғи газдың екі түрі қолданылады: үйлерге құбырлар арқылы кіретін негізгі және баллонда жеткізілетін сұйытылған газ. Тұрмыстық газдың шығуы улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан өздеріңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өзіңізді және айналаңыздағы адамдардың өміріне өлім қаупін төндірмеу үшін табиғи газ және тұрмыстық газ құралдарын пайдалану ережелерін есте сақтаған жөн.

Газ баллондарын қолдану кезінде мынадай сақтық шараларын ұстану қажет:

- газ баллонын қосар алдында, газ шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз;

- газ баллонын жылу бөлетін құралдардың қасына орналастырмаңыз;

- газ баллондарына техникалық қызмет көрсету үшін тек мамандандырылған ұйымдар қызметіне жүгініңіз;

- тұрмыстық газ баллонын жанармай бекетіндегі газ станцияларынан толтырмаңыз.