Хакім тойына үлес қосты

Хакім тойына үлес қосты

Хакім Абайдың 180 жылдығы өңірдегі инфрақұрылымды жаңалауға көп септігін тигізді. Әсіресе, облыстағы жолдар жөнге келді. Қала ішілік, облыстық, республикалық маңызы бар жолдарда жөндеу жұмыстары ширақ жүрді. Мәселен, «Талдықорған - Өскемен» автомобиль жолының 615-685 шақырым аралығындағы №6 учаске ашылды. Бұдан бөлек, Семейден Қарауылға қатынайтын жолдың 20 шақырымы жаңарды. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Абай облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2 176 шақырым. Қазіргі таңда 250 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Ал 584 шақырым қайта жаңғыртылып жатыр. Хакімнің мерейтойына жол саласының мамандары да үлес қосты.   

 Абай облысында 2 мыңнан артық шақырым жол бар . Жолды дұрыстау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.  Жолдар жөнделді. Қалпына келтірілді. Қаланың жолдары бар. Республикалық жолдар бар. Барлығы да қалпына келтірілді., - дейді  «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ өкілі Марат Махамбетов.  

Биыл облыс аумағындағы республикалық жолдар жөнделіп жатыр. «Өскемен - Семей» жолының 20 шақырымы, «Таскескен – Бақты» жолының 83 шақырымы, «Семей - Қайнар» жолының 23 шақырымы орташа жөндеуден өтуде. Облыс бойынша 8 жерде орташа жөндеу жүруде. Жаңғырту жобалары аяқталуға жақын. 

 Абай атамыздың 180 жылдығына арнап «Талдықорған – Өскемен» жолында бір учаскені, бір пусковой дейміз, қабылдау жасадық. Бір учаскені тапсырдық. Осы жыл соңына дейін ол жоба толығымен аяқталатын болады. Одан бөлек, «Қалбатау - Майқапшағай» жолында толықтай асфальт жолмен көлік қозғалысын ашу жоспарлануда, - дейді «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының директоры Айбек Ануарбеков. 

Жолдардың сапасы да анағұрлым жақсарған. «Жол активтері сапасының ұлттық  орталығы» Абай облысы филиалының мамандары қаладағы, даладағы жолдардың сапасын тексеріп отырады.       

«Семей - Қарауыл» жолын 20 шақырым салып болдық. Одан кейін, Семей қаланың ішінде көпірдің жолын жөндеп, салып бітірдік. Жалпы, ана жылмен салыстырғанда биылға екі есе сапасы көтерілді,-дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облыстық филиалының директоры Хамзат Сұлтанов. 

Ұлттық компания да Хакім тойына үлес қосты. Қарауылтөбе етегіне киіз үй тігіп, алыс – жақыннан келген мәртебелі меймандарды қарсы алды. 


#Абайская область, #«Национальный центр качества дорожных активов», #180 лет со дня рождения Абая Кунанбаева