Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл қойылды

Интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл қойылды

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты,деп хабарлайды abaidan.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» ҚБ төрағасы Боранбай Бегатов еске алу шарасының маңыздылығын атап өтті.

«Біз маңызды мерекелер қарсаңында дәстүр бойынша интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоямыз. Соғысқа аттанған ұлдарын жоғалтқан аналарды, майданда опат болған ағаларымыз бен інілерімізді еске алып, от пен оқтың ішінен аман шығып, ортамызға оралған жауынгерлерге құрмет көрсетеміз. Соғыс туралы кітаптан ғана білсек те, әлемде бейбітшілік болуын тілейміз», – деді Боранбай Бегатов.

Ескерткішке марқұм жауынгерлердің қаруластары, туған-туыстары, сондай-ақ қала тұрғындары гүл шоқтарын қойды.


#Абайская область, #памятник