Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды: кейбір чартерлік рейстердің бағыты өзгерді

Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды: кейбір чартерлік рейстердің бағыты өзгерді

Елден ұшқан ұшақтар Иран мен Ирак әуе кеңістігі айналып өтеді, - деп хабарлайды abaidan.kz  Air Astana-ға сілтеме жасап.

Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді.

Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылауда ұстап, өзгерістер туралы хабардар ететінін айтты.

"Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін", - деді компания.