Қала әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдауға 30-ға жуық тұрғын келіп, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Жеке қабылдау барысында баспана, абаттандыру, жол жөндеу, аялдама жай-күйі және кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді көтерді. Қала басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндірді. Және тиісті бөлім басшыларына, нақты тапсырмалар берді. 


#Семей, #Абайская область