"Қаладан -ауылға" жобасы аясында Шұғылбай ауылы шақырады

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен жүзеге асқан "Қаладан – ауылға" жобасы аясында Шұғылбай ауылы шақырады! (Көкпекті ауданы) Жоба – ауылға көшіп барып, тұрақты өмір сүремін деген азаматтарға арналған нақты қолдау алаңы.

Оның аясында:

Ауылға қоныс аударуға ниетті азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі

 Жұмысқа орналасу, кәсіп бастау мүмкіндіктері қарастырылады

 Әлеуметтік қолдау тетіктері ұсынылады

Ауыл – ел бесігі. Ұлттың тамыры, дәстүрдің тірегі, берекенің бастауы – ауылда. Бүгінде ауыл тек ата-бабаның мекені ғана емес, болашаққа бастар үлкен мүмкіндік алаңы.Егер сіз ауылға барып, жаңа өмір бастауды қаласаңыз – «Қаладан – ауылға» жобасы серпін береді.

Шұғылбай ауылы – қазақы болмысты сақтаған, дархан даланың тынысын сезінгісі келетін жандар үшін таптырмас мекен.

«Қаладан – ауылға» жобасын қолдап, Шұғылбай ауылына көшіп келуді ұсынып отырған ауылдық округ әкімі Нұрлан Назарханов – тәжірибелі де білікті маман. Желтоқсан батыры ретінде оның елге, жерге деген адалдығы сөзбен емес, іспен дәлелденіп келеді. Бұл – үлкен батылдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Аталған жоба ауылдың әлеуетін арттырып, елді мекендерге жаңа серпін беруге бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

Қаланың қарбаласынан шаршадыңыз ба? Онда ауылға жол тартыңыз!

Шұғылбай сізді күтеді!


#Абайская область, #Ауыл-ел бесігі, #Кокпектинский район