«ҚАЛБАТАУ-МАЙҚАПШАҒАЙ» ТАС ЖОЛЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

«ҚАЛБАТАУ-МАЙҚАПШАҒАЙ» ТАС ЖОЛЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Абай облысындағы «Қалбатау- Майқапшағай» тас жолының 184 шақырымы жақында қолданысқа беріледі,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Құрылысы 7 жыл бұрын басталғанмен отандық мердігердің жауапсыздығынан аяқсыз қалған болатын. Қазір жұмысты Қытай компаниясы жүргізіп жатыр. Тас жолды жөндеуге бюджеттен 107 млрд 502 млн теңге қарастырылған. Қазір онда 400-ден астам техника мен жеті жүзден астам маман жұмылдырылған. Ал жұмыс сапасын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» қатаң бақылауға алған. Жол құрылысына қолданылып жатқан әрбір материалды сараптамадан өткізіп, талапқа сай болуын қадағалауда.

Көлемі 184 шақырымды құрайды. Оның 40 пайызы жасалған. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жолдың сапасын, инерттік материалдардың сапасын. 108 тексеру жүргізілді. Ондағы 40 пайыз анықталған ақаулар жойылды,-дейді  «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  Абай облыстық филиалының сарапшы маманы Жандос Ағалиев.   


#Абайская область, #«Национальный центр качества дорожных активов»