Қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы жаңа қадам
Шәкәрім университетінде «Қауіпсіз болашақ: сталкинг кеқарсы ортақ жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-танымдық кездесу өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Шәкәрім университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңызды басқосу қоғамда жиіназардан тыс қалып жататын, алайда жеке тұлғаның психологиялық саулығы мен қоғамдық қауіпсіздікке тікелейқауіп төндіретін сталкинг мәселесін кеңінен талқылауғаарналды.
Іс-шараның басты мақсаты – сталкингтің мәнін ашыпкөрсету, оның зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін түсіндіру, білім алушылар арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру, жеке шекараны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және бұл құбылыстың алдын алуда қоғамның ортақ жауапкершілігін нығайту.

Кездесу университеттің Жастарды әлеуметтік қолдау жәнедамыту орталығының басшысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Арайлым Оразғалиеваның ұйымдастыруымен өтті. Жиынға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, құқық қорғау саласының және әлеуметтік қызмет құрылымдарының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Абай облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Арайлым Әлімжанова гендерлік теңдік қағидаттарын нығайту және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ол сталкингтің көбіне елеусіз басталып, уақыт өте келе психологиялық қысымға, қорқытуға және жүйелі қудалауға ұласатынын атап өтті.
Абай облысы мәслихатының депутаты, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Солтабаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2026–2030 жылдарға арналған “Қазақстан балалары” тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысының жобасына тоқталып, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығының директоры Назым Шақаева зорлық-зомбылықсыз қоғамқұру жолындағы практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, қыздар мен әйелдердің құқықтарын қорғауда қолдау орталықтарының рөліне ерекше назар аударды. Ал «Ана үйі» қоғамдық қорының координаторы Айнагүл Нұртазина қиын жағдайға тап болған жас аналарға көрсетілетін кешенді көмектің маңызын түсіндірді.
Абай облысы мәслихатының депутаты, «Эйкос» ЖШС даму бойынша директоры Анжела Маслова зорлық-зомбылыққанөлдік төзімділікті қалыптастырудағы депутаттық корпус пен жергілікті атқарушы органдардың рөлі жайлы, ал Семей қаласының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Айнұр Қабдылқақова мәжбүрлі некеге итермелеу, сталкинг және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы кеңінен баяндады. Бұл бағыттағы заңнамалық өзгерістер мен жауапкершілік шаралары жастардың құқықтық санасын арттыруға бағытталғаны айтылды.

Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығының әдіскері Балжан Әсетова психологиялық шекара, келісім(consent) ұғымы және жасырын зорлық-зомбылық түрлері туралы мазмұнды баяндама жасап, жастарды өз шекарасынанық белгілеп, өзгенің шекарасын құрметтеуге шақырды.
Кездесу барысында қатысушылар сталкингтің тек жекеадамның мәселесі емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне әсерететін әлеуметтік құбылыс екенін терең түсінді. Жастарашық пікір алмасып, өздерін мазалайтын сұрақтарға жауапалды.

Осындай мазмұнды жиындар студенттердің құқықтықмәдениетін арттырып қана қоймай, қауіпсіз әрі саналы орта қалыптастыруға негіз қалайды. Қауіпсіз болашақ – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Ал зорлық-зомбылыққа қарсы нөлдік төзімділік ұстанымы – өркениетті қоғамның басты қағидаты болуы тиіс.
Айта кетерлігі, Шәкәрім университеті еліміздегі жоғары оқуорындарының арасында алғашқылардың бірі болып студенттерге арналған «Үнсіз қалмау: Сталкингке қарсыкүрес» жадынамасын жарыққа шығарды.
#Абайская область, #образование, #насилие