Қазақстан мен Германияның жол мамандары ынтымақтастықты арттыруда

Қазақстан мен Германияның жол мамандары ынтымақтастықты арттыруда

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қызметкерлері Тюрингия өңірі Экономикалық даму министрлігінің (Германия федералды жері) өкілдерімен кездесті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.  Кездесуде өзара ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары, атап айтқанда, мамандардың тәжірибе алмасуы, автомобиль жолдарының сапасына сараптама жүргізу кезінде заманауи технологияларды, инновацияларды, диагностика әдістерін қолдану қарастырылды.  Сонымен қатар, қазақстандық жол мамандарыавтожол саласында дамуы бойынша әлемге танымал Dr. Hutschenreutherкомпаниялар тобының нысандарын аралады. 

Hutschenreuther GmbH компаниясының сынақ орталықтары:

* Асфальтты сынау орталығы

* Битумды сынау орталығы

• Жер жұмыстарын сынау орталығы

* Тас/табиғи тасты сынау орталығы.

Тюрингияға сапары барысында қазақстандық делегация энергия шығынын азайту, монтаждау кезінде термиялық тозу және пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында жол құрылысына арналған төмен температуралы асфальтбетон формулаларын әзірлеген жергілікті қолданбалы құрылыс технологиялар институтының ғалымдарымен кездесті. Сонымен қатар олар асфальт жолдарды салу, жөндеу және қалпына келтіру кезінде жол құрылыс материалдары (ЖҚМ) салқын төсеуге арналған битум эмульсияларының авторлары.

Қазақстандық өкілдер Веймарлық Баухаус университетіне де барды. Азаматтық құрылыс факультетінде заманауи инфрақұрылымды дамыту және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы мамандардың ғылыми зерттеу тұжырымдамасы таныстырылды. Тараптар ықтимал ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікір алмасты. 

Болашақта мұның бәрі Қазақстанның автожол саласында жаңа реформалар жүргізуге және елімізде сапалы жолдардың пайда болуына ықпал ететін болады.


#дорога, #«Национальный центр качества дорожных активов»