Қазақстанда демалыс күндері үсік жүреді
«Қазгидромет» РМҚ 2023 жылдың 30 қыркүйегі мен 2 қазан аралығына ауа райы болжамын жариялады,деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап. Синоптиктердің ақпараты бойынша, жақын күндері атмосфералық фронтал бөліктер республиканың көп бөлігіне жауын-шашын әкеледі; жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын болады, 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз, жайлы, ашық күн райы сақталады. Елдің көп бөлігінде түнде және таңда тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы республиканың солтүстік бөлігінде түнде 0-8, күндіз 10-23 жылы болады. Оңтүстік шығыста түнде 5-15, күндіз 18-25 градусқа дейін ысиды. Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен орталығында түнде 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.