Қазақстанда қасқыр атуға рұқсат берілді
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжат әзірледі. Онда 2025 жылдың 15 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат беріледі деп жазылған. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі qazaqstantv сілтеме жасап хаьарлайды.
Жыртқыштарды Ақмола, батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болса ғана аулауға рұқсат етіледі.