Қазақстандағы АЭС құрылысы: аяқтау мерзімдері жарияланды
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы шамамен 7 жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды abaidan.kz Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысын аяқтау бойынша болжамды мерзімдерді атады.
"Конкурс талаптарына сай белгіленген индикативті мерзімдер – құрылыс алаңына шыққан сәттен бастап 7 жыл", – деді ол.
Агенттік басшысы Қазақстан Ресеймен алғашқы АЭС құрылысы жөніндегі үкіметаралық келісімді 2025 жылдың аяғына дейін жасасуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
"Біз өзіміз үшін қарқынды мерзімдерді анықтадық. Жыл аяғына дейін бұл келісімді жасасуды жоспарлап отырмыз", – деді Сәтқалиев.