Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26 мамырда Қазақстанның бірқатар облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғып, қатты жел тұрады. Алты өңірге төтенше өрт қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Күндіз 26 мамырда Атырау облысының батысында, тәулік бойы 27 мамырда батысында, оңтүстігінде, 28 мамырда батыс бөлігінде найзағай ойнауы мүмкін. 26-27 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел тұрып, 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, 27 мамырда басым бөлігінде, 28 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 26-28 мамырда күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.