Қоғамдық кеңес мүшелері облыстың дамуын талқылады

Қоғамдық кеңес мүшелері облыстың дамуын талқылады

Абай облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды  abaidan.kz  тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, басқарма басшылары, ТЖД өкілдері, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.


Аймақ басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен облыстың биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов 

көктемгі су тасқыны кезеңінде табиғи апаттардың алдын алу іс-шаралары туралы ақпарат берді. Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Анзор Абаев ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері облысты дамытудың, экология, транзиттік әлеует және абаттандыру саласындағы жобаларға қатысты сұрақтар қойды.


#Абайская область