Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 483 просмотровabaidan.kz

Общественную культуру проверяют на автобусной остановке

Қоғамдық мәдениет аялдамада сыналады

Общественную культуру проверяют на автобусной остановке

Семей қаласындағы қоғамдық көлік аялдамалары – күн сайын мыңдаған тұрғынның басын қосатын маңызды орын. Алайда соңғы уақытта аялдамалардың санитарлық жағдайы назар аударуды қажет етеді: орындықтар лас, ішішаң-тозаң, Ал жаңбырлы күндері батпақ, қыс мезгіліндетайғақ болып, тұрғындарға қолайсыздық тудырады. 

Общественную культуру проверяют на автобусной остановке

Лас аялдамалар – тек тазалық қызметтерінің емес, сонымен қатар тұрғындардың да жауапсыздығының көрінісі. Темекі тұқылын, сағыз, қағаз, бос бөтелкелер мен тағам қалдықтарын тастау – бұл тек айналаны ғана емес, жалпы қоғамның мәдени бейнесін де ластайды.

Общественную культуру проверяют на автобусной остановке

Аялдама – жай ғана көлік күту орны емес. Ол – қаланың келбеті мен тұрғындардың өзара құрметінің көрсеткіші. Сондықтан аялдамаларды уақтылы жуып-тазалау, жөндеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу аса маңызды. Бұл, әсіресе, қарттар мен балалардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Әр тұрғын өзі пайдаланатын аялдамаға ұқыпты қараса, біз таза әрі жайлы ортада өмір сүрер едік. Қоршаған ортаға құрмет – өзімізге деген құрметтің көрінісі екенін ұмытпайық.