Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 1 455 просмотровabaidan.kz

В Кокпектинском районе регулярно проводятся сельскохозяйственные ярмарки.

Көкпекті ауданында тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі

В Кокпектинском районе регулярно проводятся сельскохозяйственные ярмарки.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Көкпекті ауданда айына 2 рет тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылады. Оларға ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздері де, Семей қаласы және елдің оңтүстік өңірлерінен де келген кәсіпкерлер өз өнімдерін саудалайды.

В Кокпектинском районе регулярно проводятся сельскохозяйственные ярмарки.

Аудан тұрғындары өткізілетін жәрмеңкелердің арқасында табиғи және сапалы өнімдерді тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15-20% төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың басынан бері ауданда барлығы 13 жәрмеңке өткізілген, онда 12 тонна ірі қара еті, 6 тонна жылқы еті, 3 тоннадан астам қой еті, 5 тоннадан астам балық, 900 л бал, 8 тоннадан астам сүт өнімдері және 53 тонна көкөніс пен жеміс сатылды.

Сондай-ақ, Көкпекті ауданы әкімдігінің шақыруымен еліміздің оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері арнайы келіп, жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарларын аудан тұрғындарына төмен бағамен ұсынды.

Бұдан бөлек, Көкпекті тұрғындары үшін Семей қаласының тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен: 4 тонна картоп, 2 тонна сәбіз, 2 тонна қырыққабат, 1 тонна күріш, 1 тонна қарақұмық, 1000 литр күнбағыс майы алып келінді.

Тұрақтандыру қорының барлық өнімдері нарықтық бағадан 30-35% арзан сатылды.