«Көктем-Антитеррор 2026» антитеррорлық оқу-жаттығуы өтуде.
2026 жылғы 24 сәуірде Семей қаласында ЖЭО-1 ауданында «Көктем-Антитеррор 2026» антитеррорлық оқу-жаттығуы өтуде.
Оқу-жаттығу барысында терроризмдік сипаттағы жағдайлар кезінде жедел әрекет ету мәселелері қарастырылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілетін болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы