Қолайсыз ауа райы: Абай облысында жолдар жабылуы мүмкін

Қолайсыз ауа райы: Абай облысында жолдар жабылуы мүмкін

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушыларға алдағы күндері қолайсыз ауа райы жағдайлары күтілетінін хабарлайды. 9–11 ақпан аралығында Абай облысы аумағында ауа температурасының +3-тен –15 градусқа дейін күрт өзгеруі, желдің күшеюі, жаңбыр аралас қар жаууы болжануда. Мұндай жағдайлар жолдарда көктайғақтың пайда болуына және көрінудің нашарлауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облыстық филиалы азаматтарды аса қажетсіз елді мекендерден шықпауға және алыс сапарларға жолға шықпауға шақырады.

Қазіргі уақытта Қалбатау – Боғас, Қалбатау – Өскемен және Қалбатау – Аягөз бағыттарында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған. Соған қарамастан, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан Қалбатау – Аягөз автожолының жабық учаскесінде 7 жеңіл автокөлік, 1 жүк көлігі жолда қалып, нәтижесінде 20 адам «ҚазАвтоЖол» және «КАЖсервис» мамандарының көмегімен құтқарылды. Мұндай өрескел әрекеттер жол қызметтерінің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіретіні анық,-дейді Алмат Шойынбаев, “ҚАЗАВТОЖОЛ”ҰК АҚ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Дауылды ескертуге байланысты алдағы күндері Абай облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қосымша қозғалыс шектеулерін енгізу мүмкіндігі бар.

Осыған орай, жол пайдаланушылардан жол белгілеріне мұқият назар аударып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және ресми ақпарат көздерінен берілетін хабарламаларды қадағалап отыруды сұраймыз, ейді Алмат Шойынбаев, “ҚАЗАВТОЖОЛ”ҰК АҚ АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


#Абайская область, #Прогноз погоды