Көлік вице-министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

Көлік вице-министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

Көлік вице-министрі жолдағы жағдайға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәтжан Аблаллиевтің айтуынша, соңғы күндері Қазақстанның республикалық маңызы бар тас жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілген. Атап айтқанда, солтүстік өңірлерде қатты аязға байланысты қоғамдық көлік пен дизель отынымен жүретін автомобильдердің қозғалысы шектелген.

Бүгінгі таңда еліміздің солтүстігінде ауа райы тұрақты, сондықтан шектеу ауа температурасы төмендеген түнгі уақытта ғана қолданылады. Күндізгі уақытта жолда жүру қамтамасыз етілген.


#Прогноз погоды, #дорога, #министр транспорта