ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің жағдайын жақсарту мәселесін көтерді.
«Мысалы, 577 интернаттың жартысы жөндеуді қажет етеді. Мемлекеттік 120 лагерь бар, олардың да жағдайы нашар. Сондай-ақ балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға арналған бірыңғай ережелер мен талаптар енгізу қажет. Өйткені кейінгі кездері мекемелерде балалардың жарақаттануы, құқықтарының бұзылуы жиілеп кетті», - деп жазды Д. Зәкиева
Уәкілдің айтуынша, Президент барлық саладағы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелерді шешу үшін ата-аналармен, балалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, өңірлердегі бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен бірге жұмыс істеуді тапсырған.
Сондай-ақ, Д. Зәкиева балаларға жасалған қылмыстарға берілетін жазаны күшейтуді, бала қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті арттыру керегін айтты.






