ҚТЖ пойыз билеттерінің қымбаттауы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ҚТЖ пойыз билеттерінің қымбаттауы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы бұған дейін БАҚ-та тараған пойыз билетінің қымбаттағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі  KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап. Компанияның хабарлауынша, бірқатар БАҚ пойызда жүру бағасының артқаны туралы ақпарат жариялаған. "Қазақстан темір жолы" АҚ Ұлттық тасымалдаушы бола отырып, әлеуметтік маңызы бар өңіраралық қатынас үшін теміржол тарифі биыл бір рет – 1 қаңтардан бастап 7 пайызға көтерілгенін хабарлайды. Тарифті өзгерту туралы шешім Көлік министрлігінің келісімімен және шекті белгіленген бағаның жыл сайынғы өсуі ескеріле отырып қабылданған", – деді компанияның баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев. Сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін пойыздардан бөлек, 2014 жылдан бері коммерциялық пойыздар да Қазақстан бойынша жолаушыларды тасымалдап, жедел тасымалдау қызметін ұсынатынын атап өтті. Коммерциялық пойыздарда билеттің құны сатып алу мерзімі мен тасымалдау сұранысына байланысты бекітіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында жеке агенттік кассалар жұмыс істейді, кейбіреуінде билеттерді сатып алу үшін комиссия төлеуге тура келеді. 


#поезд, #железная дорога