Қытай-Қазақстан қатынастары мәселелері талқыланды

Қытай-Қазақстан қатынастары мәселелері талқыланды

Қазақстанға ресми сапармен Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжун келді. Сапар аясындағы кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастың негізгі аспектілері талқыланды. Жиынға облыс әкімдері, министрлер, ведомстволар және департамент басшылары қатысты.

Келіссөз барысында өңірлік ынтымақтастық, сауда-инвестициялық өзара іс-қимыл, энергетикалық әріптестік және инфрақұрылымдық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы өзара түсіністікке ықпал ететін гуманитарлық байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

 

«Екі ел басшылары Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығару міндетін қойды. Біз әріптестікті дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз. Өзара іс қимылымызды жоғары нәтижелерге жеткізу үшін барлық күш жігерді жұмсаймыз»,-деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Бұған дейін Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізіліп, шекаралас өңірді жан-жақты дамытуға бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілген еді. Атап айтқанда, экономика, мәдениет және білім беру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Облыста ИКАО стандарттарына сәйкес келетін халықаралық әуежай бар. Қытайды Еуропа елдерімен байланыстыратын «Аягөз-Тачэн» теміржолының құрылысы басталды.


#Абайская область, #Аким области Абай, #Китай, #Лю Гочжун