Қытаймен шекарадағы «Таскескен – Бақты» жолының 81 шақырымы жөнделеді

Қытаймен шекарадағы «Таскескен – Бақты» жолының 81 шақырымы жөнделеді

Абай облысындағы халықаралық маңызы бар «Таскескен – Бақты» автомобиль жолында алдағы екі жылда ауқымды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2026–2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, трассаның 81 шақырымы жаңартылады. Бұл бағыт стратегиялық маңызға ие. Себебі қазір Бақты кеден бекеті жаңғыртылып жатыр. Алдағы уақытта Қытаймен арадағы жүк тасымалы мен сауда-саттық көлемі артады деп күтілуде. Сондықтан шекараға апаратын жолдың сапалы әрі заманауи талаптарға сай болуы маңызды.

Тас жолды жөндеумен қатар жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту да қарастырылған. Атап айтқанда, 5 сауда павильоны, 1 демалыс алаңы, 20 шақырым мал қоршауы, 2 шақырым жарықтандыру желісі және 2 LED-экран орнатылады. Қазіргі таңда «Таскескен – Бақты» автожолының жалпы ұзындығы 187 шақырымды құрайды. Оның 177 шақырымы асфальтбетон жабындысымен, ал 10 шақырымы қара қиыршықтас жабындысымен қамтылған.

Жолды күтіп-ұстау жұмыстары да күшейтілген. Биыл 1 948 шаршы метр шұңқырлы жөндеу жасалып, 116 жол белгісі орнатылған. Сондай-ақ 535 сигналдық бағана қойылған.


#Абайская область, #Китай, #дорога, #инфраструктура