Мәжіліс депутаты Абай облысында жаңадан құрылған Жаңасемей ауданының тұғындарымен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Н. Сабильянов Абай облысында жаңадан құрылған Жаңасемей ауданының Алғабас, Қайнар және Абыралы ауылдарында болып, халықпен кездесулер өткізді. Кездесулерге Семей қалалық мәслихатының төрағасы Д. Шәкәрімов, қалалық мәслихаттың депутаты А. Бәкіров қатысты. Жиында Мәжіліс депутаты Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты төңірегінде ой бөлісіп, Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді. Кездесулерде ауыл тұрғындарының сұрақтары негізінен әлеуметтік мәселелерге қатысты болды.
Халықпен болған барлық кездесулер ашық түрде өтті. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен сұрақтарға депутат жауап берді.
#Семей, #Абайская область, #депутат, #Нуртай Сабильянов