Мемлекеттік марапатқа ие болды

Мемлекеттік марапатқа ие болды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Абай облысында мерекеге орай өткен салтанатты жиында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев облыстағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыстады. 

Олардың қатарында abaidan.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы Эльмира Жүрсінбекқызы да бар. Агенттік редакциясы әріптесімізді "Шапағат" медалін алуымен құттықтап, зор денсаулық, еңбегіне табыс тілейді.


#Абайская область, #награда, #День Республики