Мерекедегі демалыс күнін басқа жұмыс күніне ауыстыру тәртібі өзгере ме

Мерекедегі демалыс күнін басқа жұмыс күніне ауыстыру тәртібі өзгере ме

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжіліс депутаттарының мерекелік демалыс күндерін басқа жұмыс күніне ауыстыру тәртібін өзгертуге қатысты сауалына жауап берді,-деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасап abaidan.kz

— Мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күндері басқа жұмыс күндеріне ауыстырылуы мүмкін. Демалыс күндерін ауыстыру еңбекті ұйымдастыруды, отбасылық демалысты, мәдени-бұқаралық және корпоративтік іс-шараларды, сондай-ақ солармен байланысты шығындарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Демалыс күндерін ауыстыру алдағы күнтізбелік жылға алдын ала жүзеге асырылады және жұмыс және мереке күндерінің сәйкес келуін ескере отырып, сондай-ақ елдегі экономикалық, саяси немесе санитарлықэпидемиологиялық жағдайларға байланысты әр уақытта жеке анықталады. Осыған байланысты демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстырудың қолданыстағы тәртібі оңтайлы деп санаймыз, — деді министр жауабында.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Үкімет пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне демалыс күндерін ауыстыру туралы шешімді кемінде алдағы 2 күнтізбелік жылға алдын ала қабылдауды ұсынған еді. Мысалы, 2025 жылы 2025 жылғы 1 қаңтар мен 2027 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең бойынша демалыс күндерін ауыстыру жөнінде шешім қабылдау қажет. 

Айта кетелік 1 маусым мемлекеттік мереке ретінде белгіленуі мүмкін екенін жазған едік. 


#праздник