«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды
Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды.
Конкурстың мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды үлгісін насихаттау, сондай-ақ отбасының қоғамдағы мәртебесін арттыру. Конкурсқа еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылым және мәдениет салаларында жетістікке жеткен, сондай-ақ қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді қатысып жүрген отбасылар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қалалық комиссия арқылы қабылданады.
Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі:
1️⃣ қалалық кезең – 15 маусым мен 15 маусым аралығы;
2️⃣ облыстық кезең – 30 маусым мен 15 шілде аралығы.
Қо сымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны:+7 708 155 06 54

#Семей, #Абайская область, #День Семьи, #Мерейлі отбасы