Облыстық Коалиция өкілдері №1 бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өткізді.

Облыстық Коалиция өкілдері №1 бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өткізді.

Семей қаласындағы IT-колледжінің ғимаратында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық Коалиция өкілдері №1 бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуді №1 БПҰ төрайымы, колледж директоры Шамшия Күмашева жүргізді. Жиын барысында жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ Абай облыстық Коалициясының құрамына бес саяси партияның өңірлік филиалдары мен жетекші қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгені атап өтілді.

Коалиция мүшелері Оралхан Сартаев, Айрат Базенов, Ермек Әбілмажінов және білім саласының өкілдері сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан реформалардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.

Жаңа Конституция – бұл мемлекет басқаруының жетілген моделіне жасалған қадам. Онда жүйе «қол сигналдарына» немесе уақытша науқандарға емес, нақты институттар мен айқын рәсімдерге сүйенеді. Бұл – процестерді күрделендіру емес, керісінше басқарымдылықты арттыру, шешім қабылдау сапасын көтеру және жауапкершілікті күшейту.


#Конституция, #Конституционная реформа