Өңірде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 100 ден астам адамға айыппұл салынды.

Өңірде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 100 ден астам адамға айыппұл салынды.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 11 тұлға  406 120 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысының ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады,-днп хабарлайды abaidan.kz

Спикердің мәлімдеуінше, Ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында Абай облысының орман қоры аумағында профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен экология және табиғи ресурстар министрлігі арасындағы бірлескен Жоспарға сәйкес "ОРМАН" Республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізілді.  Бұл іс-шаралардың негізгі міндеті орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

- Орман жедел алдын алу шарасы аясында 34 бірлескен рейд жүргізіліп, 3564 азаматқа нұсқау берілді. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 11 тұлға  406 120 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Алексей Штыкель.

Өрт қауіпті кезең басынан бері мобильді топтар 355 рейд өткізіп, оның барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 100 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 72 тұлғаға айыппұл түрінде 3,5 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданылып, 28 адамға ескерту берілген.

Сондай-ақ спикер, 27 ақпанда ТЖ департаментінің бастамасымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің базасында "орман өрттері - ХХІ ғасырдың жаһандық проблемасы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілгенін атап өтті. Конференция нәтижелері бойынша табиғи өрттердің туындау қаупін азайту және орман алқаптарын қалпына келтіру жөніндегі басқа да іс-шаралар бөлігінде ұсыныстар әзірленген.

- Ағымдағы жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігінің бұйрығына сәйкес Абай облысының мемлекеттік орман қоры жеріндегі өрт қауіпті кезең 8 сәуірден басталды. Ашық аумақта құрғақ шөптің жану фактілері кездеседі, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 46 жағдай тіркелді, - деп қорытындылады Алексей Штыкель.

Сонымен қатар орманда от жағу және тамақ дайындау тек арнайы бөлінген жерлерге ғана рұқсат етілген. Бұл ережелерді бұзу Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 367-бабына сәйкес сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз.


#Семей, #пожар, #Абайская область