Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының рекорды жаңартылды
31 тамыз мен 06 қыркүйек аралығында Стамбулда (Түркия) өрт-құтқару спорты бойынша XVIII Әлем чемпионаты өтті. Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының рекорды жаңартылды,-деп хабарлайды аbaidan.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт эстафетасы бойынша өткен ерлер арасындағы жарыстың үшінші күнінің қорытындысы бойынша, құрамында азаматтық қорғау лейтенанты Абай облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" РММ кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Ержан Шәріпханов бар, еліміздің ерлер құрама командасы 55,75 секундқа сай жоғары нәтижемен жүлделі 3 орынға ие болды. Осылайша, аталған спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының рекорды жаңартылды. Бұрынғы рекорд 56,26 секундты құраған болатын.
Ержан Шәріпханов азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдың маусым айынан бастап қызметте, қызметін өрт сөндіру техникасының жүргізуші-қызметкері болып бастаған. Абай облысының ТЖД өрт-құтқару спорты бойынша құрама командасының көшбасшысы.
Бүгін әріптестері Әлем чемпионатының жеңімпазы Ержан Шәріпхановты салтанатты түрде қарсы алып, лайықты жеңісімен құттықтап, жаңа спорттық биіктерге жете беруіне тілектестіктерін білдірді.
Еске салсақ, тамыз айында Абай облысы ТЖД ұжымы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатында 1-ші орынды жеңіп алған азаматтық қорғау органдарының тағы бір қызметкері – ӨСБ-6 жүргізушісі Берік Қалықовты қуанышпен қарсы алған болатын.
#пожар, #Турция, #молодежь, #ДЧС