Өскемендегі Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қорытынды тексеріс өтуде
Өскемен қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде қорытынды тексеріс өтуде. Тексерістің мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік, дене және қызметтік дайындық деңгейін бағалап, өткен маусымдағы нәтижелерді қорытындылау. Бұл туралы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шара барысында әскери қызметшілердің саптық, атыс, физикалық және арнайы дайындықтары тексерілуде. Әрбір сарбаз өз кәсіби шеберлігін, жауапкершілігін және тәртіптілігін іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік алуда.

Әскери бөлімнің командирі подполковник Елтай Рахимжанов тексерістің маңыздылығына тоқталып өтті:
«Қорытынды тексеріс – бұл жай ғана сынақ емес. Бұл – әрбір әскери қызметшінің бір маусым бойы үйренгенін көрсетуге, өз шеберлігін дәлелдеуге мүмкіндік. Біз үшін ең бастысы – жеке құрамның ұйымшылдығы мен өзара әрекеттесуі. Себебі табыстың кілті – бірлікте», – деді подполковник.

Командирдің айтуынша, жеке құрам жоғары жауапкершілік пен дайындық деңгейін көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет етуде. Қорытынды тексеріс бірнеше күнге созылып, оның нәтижесінде үздік әскери қызметшілер марапатталмақ.
#военный, #Региональное командование "Восток", #Национальная гвардия