Өткен жылы облысқа 334 мың турист келді

Өткен жылы облысқа 334 мың турист келді

Бүгінде облыста 470-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның 355-і өңдеу өнеркәсібі. Облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста «Өндіріс» индустриялық аймағын толтыруға белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, онда бес жоба іске асырылғанын атап өтті.


Шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) шағын және орта бизнес үлесі 2022 жылғы 17,6%-бен салыстырғанда 18,2%-ға дейін өсті. Бұл секторда 105,1 мың адам жұмыс істейді, ал ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 1 млрд теңгеден асты.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін қаржылық қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылуда. 2023 жылы гранттық қаржыландыруға 100 млн теңге бөлінді. Байқауға 302 кәсіпкер қатысты. Ал, 2024 жылы жергілікті бюджеттен гранттарға 105 млн теңге бөлінді.

Абай облысы туристерді қызықтыратын тарихи-мәдени бай мұрасымен танымал. Облыс аумағында жалпы сыйымдылығы 17 379 төсек-орын болатын 325 орын жұмыс істейді. Өткен жылы облысқа 334 мың адам келген.Алакөл көлінің жағалауы – Абай облысының басты туристік көрікті жерлерінің бірі. Еліміздің ең үздік 20 туристік бағытына кіреді. 2023 жылы оған 200 мыңнан астам адам келген. Көрсетілген туристік қызметтердің көлемі 4,5 млрд теңгеден асты.

Инфрақұрылымды дамыту жөнінде 42 іс-шараны қамтитын жағалауды дамытудың Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Телекоммуникация саласында министрлікпен бірлесіп Абай облысының елді мекендерін интернетпен қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілуде. «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін 172 елді мекенді талшықты-оптикалық интернетке қосу және ауылдық елді мекендерде 24 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарлануда.Қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қоғамдық көлікті, ТКШ, білім беру мен денсаулық сақтауды цифрландыруды қамтитын «ақылды» қала тұжырымдамасын іске асыруға жұмыстар атқарылуда. Жоспарланған «Смарт сити» 26 жобасының ішінде Семей қаласында көлік, логистика, қауіпсіздік және ТКШ салаларында тоғыз жоба іске асырылды. Алдағы екі жылда «ақылды» аялдамалар, бірыңғай байланыс орталығы, қоқыс алаңдары және өңірлік гео-ақпараттық жүйе сияқты 10-нан астам жобаны іске асыру жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылға дейін Семей қаласында қоқыс төгетін жаңа заманауи полигонын салу жоспарланған.Сондай-ақ, бес жыл ішінде 277 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Өткен жылы облыста 75 мыңға жуық көшет отырғызылды, ал биыл тағы 65 мың ағаш отырғызу жоспарланған.


#Абайская область, #Туризм