Өз аймағына қызметке 35 жас сарбаз аттанды

Өз аймағына қызметке 35 жас сарбаз аттанды

Абай облысының облыстық жиын пунктінде мерзімді қызмет өткеруге шақырылған әскерге шақырылушыларды шығарып салу салтанатты рәсімі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жас толықтыру Семей қаласында орналасқан 30217 әскери бөлімінде мерзімді қызметтен өтеді. 

​Іс-шара жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері мен әскерге шақырылушылардың туыстарының қатысуымен салтанатты түрде өтті. Жас жауынгерлерге өздерінің әскери борышын лайықты орындап, Отанының игілігі үшін абыроймен қызмет атқарулары тілелді.

​Қазіргі уақытта қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әскери қызмет өткеру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдануда. Өз аймағында қызмет өткеруге мүмкіндік беру әскерге шақырылушылардың моральдық-психологиялық жағдайын нығайтуға және бейімделуіне ықпал етеді.

- Әскер - батылдық мектебі. Бұл Отанға адал қызмет етудің, жауапкершіліктің, тәртіп пен бірліктің үлгісі. Біз сіздерге сенеміз, - деді Абай облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов.

Іс-шара соңында әскерге шақырылушыларға әскери борышын лайықты орындауға тілектер беріліп, естелік ретінде суретке түсті.


#Абайский региональный гарнизон, #солдат