«Полиция күні» мерекесіне орай мекемеде қызметкерлерді зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

«Полиция күні» мерекесіне орай мекемеде қызметкерлерді зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

 Абай облысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №19 мекемесінің жеке құрамы «Полиция күнін»  атап өтті.  Шара барысында мекеменің бес қызметкерін салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды,-деп хабарлайды abaidan.kz  агенттігі. Мекеме бастығы әділет полковнигі Бауыржан Тоқтыбаев, бастықтың екі орынбасары әділет подполковниктері Нұржан Шидебаев, Мақсат Ихсанов, мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Рүстем Идрышев, арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет подполковнигі  Индира Оспанова зейнеткер атанды. Олардың барлығы  қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жылдан астам еңбек еткен жандар. Ішкі істер органдарында қызмет атқара жүріп, әрбір қызметкер еңбек сіңірген жылдары қылмыстық-атқару жүйесіне үлес қосты, адал қызметі үшін «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды. М

«Зейнеткерлердәі әрқайсысына: мінсіз қызметі, жас қызметкерлерге тәлім-тәрбие беріп, тәлімгерлік көрсеткені үшін алғыс айтамыз», - деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Аслан Нұрбеков.


#Абайская область, #Полиция