QazAvtoJol: «ҚазАвтоЖол жөндеу патрулі» Абай облысында
Абай облысында ұзындығы 618 шақырым республикалық маңызы бар «Қарағанды - Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолы бар.Ол 1965-1980 жылдар аралығында салынған, Содан бері жолдың негізі өзгеріссіз қалды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы " РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Яғни, қазіргі қозғалыс қарқындылығы мен көлік құралдарының оське түсіретін жүктемесі қарастырылмаған. Жолда бірден көзге көрінетін ақаулар бар. 707-713 км, 860-941 км учаскелерінде орташа жөндеу тіпті 15 жыл бұрын жүргізілген. «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді автожолдардың осы учаскелерінде аса мұқият болуға шақырады. Құрылыс маусымының басталуымен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.
#QAJ #ЖөндеуПатрулі
#Абайская область, #дорога, #КазАвтоЖол, #«Национальный центр качества дорожных активов»