Республика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

Сіздерді Республика  күнімен құттықтаймыз!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Осы ретте Мемлекет басшысы да Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтқан болатын. Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын  білдіреді. Аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш болсын. 

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

 


#праздник, #Республика