Республикалық маңызы бар тас жолдарда талапқа сай келмейтін жол белгілері ауыстырылды

Республикалық маңызы бар тас жолдарда талапқа сай келмейтін жол белгілері ауыстырылды

Республикалық маңызы бар тас жолдарда талапқа сай келмейтін жол белгілері ауыстырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Абай облысы бойынша филиалының мамандары, 2024 жылы республикалық маңызы бар  " KAZ08 " Алматы – Талдықорған – Өскемен-Шемонайха – РФ шекарасы автомобиль жолының 615-967 шақырымын қайта жаңғырту учаскелерін тексерген. Аталған аралықта 1253 жол белгілерін тексеріліп, 20 ға жуығы талапқа сай келмейтіндігі белгілі болды. Атап айтқанда жарық қайтару коэффиценті сәйкес келмейтін болып шыққан. Жол көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ондай жол белгілері толығымен ауыстырылды.

 Ең бастысы жол белгілері мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуы керек. Ол жолдағы қауіпсіздік үшін өте маңызды. Белгілердің дұрыстығы көлік қозғалысында кедергілерді азайтады. Сондықтан “ Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының мамандары маусым сайын тексеру жүргізіп отырады. Көбіне қыста қалың қар жауғанда, кейде қатты жел салдарынан жол белгілері сынып немесе сапасын жоғалтады. Сондықтан біз тексеруді ұдайы өткізіп, тиісті мекемелерге ескерту жасап отырамыз-дейді “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының бөлім басшысы, Мейіржан Бауыржанұлы.


#Абайская область, #«Национальный центр качества дорожных активов»