Республикалық жолдардың 92%-ы нормативті жағдайға жетеді

Республикалық жолдардың 92%-ы нормативті жағдайға жетеді

Биыл Қазақстан бойынша барлығы 10 700 шақырым жолға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Kazinform  сілтеме жасап. «Биыл Қазақстан бойынша барлығы 10 700 шақырым жол құрылыс-монтаж жұмыстарымен қамтылған. Оның ішінде 6500 шақырым республикалық және 4500 шақырым – жергілікті маңыздағы жолдар. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде нормативтік жағдайдағы республикалық желіде 92 пайызға, жергілікті желіде 87 пайызға дейін жететін болады», - деді Марат Қарабаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда республикалық жолдардың 3600 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 856 шақырымы толық аяқталды. 2900 шақырым жол күрделі және орташа жөндеумен қамтылып, 1100 шақырымы пайдалануға берілді. «Сонымен бірге, биыл 16 ірі жоба іске асырылып жатыр. Оның үшеуінде жұмыстар толығымен аяқталды, олар – Үлкен Алматы айналма жолы, Қандағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары. Биыл халықтың шағымын ескере оытрып, барлық күш 4-5 жыл бұрын басталып, құрылысы ұзаққа созылған 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталған. Бұл Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань. Ерекше назар Батыс Қазақстан облысындағы күрделі жөндеу жұмыстарына аударылып отыр», - деп толықтырды Көлік министрі.


#дорога, #КазАвтоЖол, #Казахстан