Семей қаласының әкімі желтоқсандықтармен кездесті

Семей қаласының әкімі желтоқсандықтармен кездесті

Абай музейінде Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов «Абай облысы Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің саяси қуғын – сүргін құрбандары ретінде ақталған мүшелерімен кездесті. 

" Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіз Қазақстанның тарихын түбегейлі өзгертіп, жаңадан қалыптасуына жол ашты. Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз армандаған тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп, еңбек ету-қазіргі ұрпақ үшін үлкен бақыт. Біз жерлестерімізге Егемен Қазақстанның қалыптасуы жолындағы ерліктері үшін алғыс айтамыз", – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Кездесу барысында желтоқсандықтар «Абай облысы Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, шешімін таппай келе жатқан бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сондай-ақ жастар арасында жүргізіліп жатқан патриоттық жұмыстар жөнінде айтылды. 

 

Қала басшысы Семейде соңғы жылдары атқарылған жұмыстарға тоқталып, көтерілген мәселелерді назарға алатынын жеткізді. 

Шара соңында қала әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, желтоқсандықтарға «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, Құрмет грамоталары мене Алғыс хаттар табыстады. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


#Семей, #Абайская область, #Желтоксан, #День Независимости