Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 331 просмотровabaidan.kz

Трасса Семей-Ускемен временно закрыта из-за непогоды

Трасса Семей-Ускемен временно закрыта из-за непогоды

19 ақпан күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты Семей–Өскемен бағыты бойынша барлық автокөлік түрлері үшін жол жабық,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай облысы аумағында қар жауып, көктайғақ, боран, сондай-ақ бұрқасын жел күтілуде. Жолда жүргенде көктайғақ пен көрудің нашарлауына байланысты апат қаупі жоғары.  

Жүргізушілерге тұрғын-жайдан тыс шығып, шекаралас аймақтарға бағыт алған кезде жолда қалып қалу қаупі бар екенін ескеру қажет. Жолға шығу қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан жоспарланған сапарларды кейінге қалдыру маңызды.

Сурет иллюстрациялық сипатта