Семей саперлері жару жұмыстарын орындады
Абай гарнизонындағы 54770 әскери бөлімінің инженер-саперлері «Шығыс» оқу орталығында жауынгерлік дайындықтарын пысықтады. Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес әскери қызметшілер жару жұмыстарын орындап, саперлік машықтарын жетілдірді,-деп abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алдымен инженерлік қалашықта жеке құрамға жарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді. Әскери қызметшілерге жарылғыш заттармен жұмыс істеу тәртібі, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы нұсқаулық берілді.


Одан кейін саперлер жару жұмыстарын іс жүзінде орындады. Жаттығу барысында сарбаздар теориялық сабақтарда алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, жарылғыш заттарды дұрыс орналастыру, оларды іске қосу тәртібін меңгерді.

- Мұндай жаттығулар инженерлік бөлімшелердің кәсіби шеберлігін арттыруға, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын нығайтуға және қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді. Жауынгерлік дайындығымызды нығайту мақсатында осындай жаттығулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - дейді 54770 әскери бөлімі инженелік-саперлік батальонының командирі майор Қуатбек Мәулетқажин.
#военный, #Абайский региональный гарнизон, #Полигон "Шыгыс"