Семей сарбаздары жауынгерлік тумен қоштасты

Семей сарбаздары жауынгерлік тумен қоштасты

Абай гарнизонында орналасқан механикаландырылған бригадада мерзімді әскери қызметін өтеген 160-тан астам сарбаздарын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жауынгерлік тумен қоштасудағы жиын әрбір сарбаз үшін ерекше әрі толғанысты сәт болды.

​Салтанатты жиында бөлім командирі подполковник Еркін Жоламанов сөз сөйлеп, әскери борышын адал әрі жауапкершілікпен атқарған жауынгерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар, Абай облысы бойынша Қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары подполковник ҚанатШарипханов сарбаздарға тілегін жеткізіп, ел қорғаны болу — үлкен мәртебе екенін атап өтті.

​Іс-шара барысында сарбаздар атынан сөз алған кіші сержант Ермұхан Бақытжанұлы әскери бөлімге ризашылығын білдіріп, жүрек толқынысымен туған өлең жолдарын оқыды. Бұл сәт жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.

​- Жауынгерлік тумен қоштасу — тек әскери қызметтің аяқталуы ғана емес, бұл — Отан алдындағы борышты абыроймен өтегеннің белгісі. Енді біз азаматтық өмірге қадам басып, ел дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз, - деді  Ермұхан Бақытжанұлы.


#Абайская область, #Абайский региональный гарнизон