"Семей Суарнасы" МКК Семейде су беруді уақытша тоқтатады

«Семей Суарнасы» МКК қаланың сумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылу беру маусымына дайындау бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар мен сумен жабдықтау желілерін бір мезгілдік тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге байланысты Семей қаласында уақытша су беруді тоқтататынын хабарлайды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі мәлімдейді.
2024 жылдың мамыр айының 29 күні сағат 20.00-ден 30 күні 20.00-ге дейін қаланың оң жағалау бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су беру уақытша тоқтатылады; 

2024 жылдың маусым айының 05 күні сағат 20.00-ден 06 күні 20.00-ге дейін қаланың сол жағалау бөлігінде орналасқантұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

Көрсетілген кезеңде құбырларда су болған жағдайда суды пайдалануға қатаң тыйым салынады. 

Қала тұрғындары, кәсіпорындар мен мекемелер басшылығына өтініш: өрт сөндіру мен толық жұмыс жасауға барлық жағдайды жасап, тәуліктік су қорын дайындап алуларыңыз қажет! 

МКК «Семей Водоканал» әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.


#Семей, #вода, #питьевая вода