Семейде 20 отбасына пәтер кілттері табысталды
Қала күні аясында Цементшілер кентінде пәтер кезегінде тұрған әлемеуметтік осал топ санатында тұрған 20 отбасыға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады.
– Ең алдымен баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Тамыз айында 237 пәтердің кілттері кезек тәртібі бойынша табысталды. Бүгін қала күні қарсаңында 20 отбасы баспаналы болады. Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 77 азамат баспанамен қамтамасыз етілгенболатын. Сонымен қатар, 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасыжаңа баспанаға қол жеткізді. Соңғы жылдары Бұл – мемлекетіміздегі әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі, халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, тұрғын үй соңғы үлгіде, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына ыңғайлы етіп жасалған. Баспаналы болған тұрғындар облыс және қала басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.
#Семей, #Абайская область, #жилье