Семейде 8 мың шаршы метрді құрайтын қоғамдық кеңестік ашылды
Абай облысында тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz сайты хабарлайды. Шығыс кентіндегі Декоративный көшесінде орналасқан кеңістік 4 аймаққа бөлінген. Онда балалар ойын алаңы, воркаут-спорт алаңы, футбол мен баскетбол және демалыс аймағы бар. Екі ай уақыт ішінде салынған қоғамдық кеңістік толығымен халық игіліне берілді.
Жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуына тұрғындар үшін жарқын мерекелік концерт ұйымдастырылып, қаланың музыкалық әртістері мен би топтары
қонақтар үшін есте қаларлық бағдарлама жасады. Бүгін ресми түрде қоғамдық кеңістіктің ашылуына қатысып отырмыз. Екі-үш айдың ішінде жасалған алаң Шығыс кентінің тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлауда. Алаң үлкен. Мұнда ересектерге де, балаларға да қажетті барлық жағдай жасалған. Шығыс кентін де қоғамдық кеңістік ғана емес жол жасалып, жарық орнатылуда. Тұрғындарды жаңадан ашылған кеңістікпен құттықтаймын. Шығыс кенті көркейе берсін, - деді Семей қаласының мәслихат депутаты Қанат Шапағатов. Биыл Семейдің орталығы мен шеткері аумағын қоса есептегенде 14 қоғамдық кеңістік пайдалануға берілген. Бүгін солардың қатарына 8 мың шаршы метр аумаққа салынған Декоративный көшесіндегі қоғамдық кеңес қосылды. Жоба құрылысын "BBP company" ЖШС мердігер ұйымы жүргізген.
Осыдан тура 2 ай бұрын біз қала басшысымен бірге осы учаскеге келіп, жан-жақты зерттеу жүргіздік. Содан кейін Нұрбол Нұрсағатов бірнеше айдың ішінде алаң салып беруге уәде берген болатын. Ол өз сөзін де тұр, бұл үшін оған үлкен рахмет! Құрметті тұрғындар, сіздерді құттықтаймын! Балаларымызға жарқын болашақ тілеймін. Осы сыйлықты бағалап, ұқыптап ұстайық", - деп атап өтті жергілікті тұрғын, ардагерлер кеңесінің мүшесі Бибігүл Алпысқызы.
Ашылу салтанатына қатысқан Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңақоғамдық кеңістіктердің ашылуы келесі жылы да жалғасатынын атап өтті.
Алдағы уақытта барлық тұрғындар үшін қалалық ортаны жақсартуды жалғастыра отырып, қаланың шалғай бөліктерінде де абаттандыру жоспарланған.