Семейде Қазақстанда АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтуде.
Үмітінен күдігі басым жиналған қауымға Курчатовтағы ҰҒЗ институтының мамандары заманауи АЭС туралы жан- жақты мағлұмат берді.
Осыған дейін Семейдегі ядролық сынактардың зардабына қанық ағайынның көпшілігінің, сала жайлы ақпараттардан хабарсыз екені аңғарылды.
Мамандар реакторлық технологиялар жайлы нақты деректерді тілге тиек етті. Жаңа ақпараттар тұрғындарға ой салары анық, шешім халыктың құзырында.
#общество, #ядерное испытание, #АЭС